Жаңалықтар

БҮГІН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ

БҮГІН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ

19 шы қазан, яғни, бүгін елімізде – Құтқарушылар күні! Құтқарушы үшін әрбір шешімнің маңызы зор, өйткені басты міндет - адам өмірін сақтау. Сала қызметкерлері күнінде - қоғамның қауіпсіздігі жолында еңбек етіп жүрген құтқарушы Нұрлыбек Маршаловтың бір күндік жұмысымен жақынырақ таныстық...

Нұрлыбек Маршалов 2023 жылдан бері Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағында қызмет атқарады. Құтқарушының жұмыс күні нақты бір жағдаймен шектелмейді. Әр шақырту әртүрлі міндет жүктеп, шұғыл шешім қабылдауды қажет етуі мүмкін. Сондықтан кәсіби даярлықты шыңдау, кез келген жағдайға бейім болу және әріптестермен үйлесімді әрекет ету - қызметтің ажырамас бөлігі дейді ол.

Қызметте әріптестердің қолдауы мен ұжымның ауызбіршілігі де маңызды. Ортақ мақсатқа жұмылған мамандардың үйлесімді әрекеті қиындықты еңсеруге көмектеседі. Ал, құтқарылған жандардың алғысы - еңбектің ең бағалы сыйы.

Құтқарушы болу - кез келген жағдайда көмекке дайын тұру. Бұл мамандық иесінен батылдықпен қатар, сабыр мен табандылықты талап етеді. Нұрлыбек Маршалов та осы жауапкершілікті сезіне отырып, азаматтардың қауіпсіздігі үшін қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты