Жаңалықтар

БҮГІН – ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

БҮГІН – ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

Бүгін – түбі бір Түркі әлеміне ортақ сөз өнерінің зергері, данышпан Ұлы Абайдың туған күні! Атаулы күнде облыс орталығындағы «Наурыз» саябағында «Өлең - сөздің патшасы...» атты әдеби-сазды шара өтті.

Ақынның еңселі ескерткіші тұрған алаңда өткен шараға өңір басшысы Есет Байкен арнайы қатысты. Жиналғандар алдымен Абай шығармашылығына арналған көрмені тамашалады. Онда ойшылдың кітаптары мен сол заманнан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылған.

Ғасыр ғұламасының туған күні – қазақ әдебиеті үшін айрықша күн! Іс шара қатысушылары ақын Абайдың жырларын жатқа оқып, сазгер Абайдың әндерін әуелете шырқады. Дана Абайдың қастерлі қара сөздеріне тереңірек бойлады.

Иә, «Мыңмен жалғыз алысқан» алып Абайдың артында мәңгі өлмейтін рухани мұрасы қалды. Тағылымды шарада ұлытаулықтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым жасады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты