Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 02.11.2022

1. Ал Ел Президентігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Абай облысында жалғасты. Әуелі «Семей инжинеринг» зауытында болды.

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 02.11.2022

1. Ал Ел Президентігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Абай облысында жалғасты. Әуелі «Семей инжинеринг» зауытында болды.
2. Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Алматы облысы жұртшылығымен кездесулері жалғасуда. Бүгін ол Еңбекші Қазақ ауданына қарасты Есік қаласында болды.
3. Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев Қарағанды облысына барды. «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік кешенінің жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.
4. Ал, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен туған жері Шымкент қаласына барды.
5. Кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысып жатқан кандидат Салтанат Тұрсынбекова Шымкент қаласы мен Түркістан облысына барды. Құқық қорғаушылармен кездесіп,отбасын қолдау орталығымен танысып шықты.
6. «Қысқы мезгілдегі төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті. Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Дулат Асанов пен Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ермек Исмаилов облыстың қысқа дайындығына кеңінен тоқталды.
7. Елімізде биылғы күздің басты саяси оқиғасы 20шы қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауы. Саяси додаға 18 күн қалды. Өңірімізге орталық сайлау комиссиясының өкілдері келіп, облыс орталығында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алқалы жиын өткізді.
8. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы-«Қазақмыс Холдинг» ЖШС директор кеңесінің төрағасы Эдуард Огаймен және «Казцинк» ЖШС директоры Александр Хмелевпен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты