Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 03.10.2022

1.Жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту мәселелері кезекті аппарат жиынының күн тәртібіне шығарылды.

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 03.10.2022

1.Жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту мәселелері кезекті аппарат жиынының күн тәртібіне шығарылды.
2.Жауынгер интернационалистер Асылбек Мамажанов пен Виктор Тарадайды еске алуға арналған жастар арасындағы 29-шы республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 81 спортшы қатысты.
3.Қазыналы қариялардың мерекесіне орай Ұлытау облысының Полиция Департаменті арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, қарттарға құрмет көрсетті.
4.Жезқазғанда театрдың 51-ші маусымының шымылдығы түрілді. Жаңа маусымды Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалы-драма театры Иран Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» спектакілімен бастады.
5.Ауған соғысының ардагерлері Асылбек Мамажанов пен Виктор Тарадайға арналған бокстан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аясында жауынгер-интернационалистер ескерткішіне гүл қою рәсімі ұйымдастырылды.
6.Қоғам қайраткері, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, металлург Төлеген Бүкіровтің мерейлі 70 жасқа толуына орай халықтар достығы мен мәдениет үйінде «Азамат асуы» атты мерейтойлық шара өтті.
7. «Ұстаздар күні» мерекесіне орай 30 қыркүйек күні Жезқазған халықтар достығы мен мәдениет үйінде іс-шара өтіп, ұстаздық жолында қызмет етіп жүрген өз ісінің мамандары түрлі марапаттарға ие болды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты