Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 07.10.2022

1.Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 3 тұрғын жазылған.

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 07.10.2022

1.Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 3 тұрғын жазылған.

2.Ұлытау облысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту көзделіп отыр. Әсіресе, етті бағыттағы ірі қара басын көбейтуге басымдық берілмек. Осы мақсатта облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жергілікті шаруа қожалықтарына арнап семинар кеңес өткізді.

3.Ұлытау облысының имамдары аттестациялық сынақтан өтуде. Мақсат имам молдалардың сауатын жетілдіріп, оларды қайта сараптаудан өткізу арқылы діни қызметтің сапасын арттыру. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

4.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, Жезқазған мыс зауытында болды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты