Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 08.12.2022

1.Ұлытау ауылдық мектебінде Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру жобасы таныстырылды.

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 08.12.2022

1.Ұлытау ауылдық мектебінде Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру жобасы таныстырылды.
2.Шаһарымыздағы Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері, белгілі Ғалым Мухамединнің қос кітабының таныстырылымы өтті.
3.Аманат партиясының Ұлытау облыстық филиалында партияның бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Жер аманаты комиссиясының жұмыстары жөнінде болды.
4.2 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рақымшылық туралы заңға қол қойды. Оның шарапатын бір жарым мыңға жуық адам көреді. Қыркүйектегі Жолдауында Президент қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деген еді.
5.Жезқазған жылу электр орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қазандықтарды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазір 5 қазандық пен 3 турбоагрегат жылу беріп тұр. Тағы 1 қазандық 15 желтоқсанға дейін жөнделіп, резервке тұрады. Жылудың мөлшері бекітілген температуралық кестеге сай.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты