Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 09.11.2022

1. Елімізде синтетикалық есірткі тұтынатындар көбейген. Бұл аса қауіпті әлеуметтік кесел. Өз Жолдауында осыған тоқталған Президент жастарды синтетикалық есірткіден қорғау жайын баса айтты. Соңғы үш жылда тәркіленген синтетиканың көлемі 10 есеге артқан.

2. Кезектен тыс Президент сайлауына 11 күн қалды. Саяси шараға жастардың дені атсалысамыз деп отыр.
3. Қазақстанның климаттық белдеуде күз-қыс айларының келуіне байланысты өткір жұқпалы аурулардың өршитіні белгілі. Тұмау эпидемиясының өз заңдылығы коронавирусқа бір табан жақын. Ал тұмаудан өзімізді қалай сақтандыра аламыз? Тілші тарқатады...
4. Жуырда Үкімет отырысында мақұлданған «Ұлытау облысының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді жоспары» өңір басшысының төрағалығымен өткен алқалы жиында, жиналғандарға кеңірек таныстырылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты