Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 09.12.2022

1.ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Бекболат Молдабеков өз сөзін мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтқан реформалар топтамасынан бастады.

2. Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 5 -11 желтоқсан аралағында аралығында Ұлытау облысының аумағында «Автобус» республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілді.
3.Бүгін Ұлытау облыстық мәслихатының кезекті 11 сессиясы өтті. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
4.Сәтбаев қаласында алдағы жылдары емхана, орталық аурухана жанынан травмотологиялық пункт, жаңа білім беру және жұмыспен қамту орталығы салынады. Инженерлік желілер жаңарып, жол, тұрғын-үй құрылысы қарқынын арттыру да жоспарда бар. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының шаһар халқымен кездесуінде айтылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты