Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 11.10.2022

1. Ер есімі – ел есінде. 19 ғасырда елімізді сыртқы жаулардан қорғаған, Ұлытау төңірегінен шыққан белгілі қолбасшы, батыр Аманбай Тоқанұлына арнап ұрпақтары ескерткіш орнатты.

2. Металлургтар стадионында «Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.
3. Ұлытау ауданында Бүкілодақтық, Республикалық және Облыстық турнирлердің жеңімпазы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері Нұрлан Таңабаевты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында турнир өтті.
4. Жезқазғандық студенттер «Эко студент Кз» республикалық жобасын қолдады. Жезқазған университетінің бір топ студенті Кеңгір жағалауындағы тазалық жұмысына жұмыла кірісті.
5. Қазақстанның 17 облысын жаяу аралап, Ұлытауды таныстырып келген 72 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашевпен Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде кездесу өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты