Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 12.12.2022

1.Биыл Жаңаарқа ауданында 464 орындық 1 мектеп пайдалануға берілді.Наурыз айында Сәтбаев қаласында облыстық коррекциялық педагогикалық түзету кабинеті ашылды.Бұдан өзге балалар жылы аясында Ұлытау обылысында атқарылып жатқан жұмыстары туралы Ұлытау облысының білім…

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 12.12.2022

1.Биыл Жаңаарқа ауданында 464 орындық 1 мектеп пайдалануға берілді.Наурыз айында Сәтбаев қаласында облыстық коррекциялық педагогикалық түзету кабинеті ашылды.Бұдан өзге балалар жылы аясында Ұлытау обылысында атқарылып жатқан жұмыстары туралы Ұлытау облысының білім басқармасының басшысы Сапура Төлекова бүгінгі брифингте баяндады.
2.Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын-ала 2 адам жазылған.
3.Шаһарымыздағы №1 жббм қабырғасында қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, мұқым алашқа ортақ тұлға Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арналған Шежіре-ғұмыр атты облыстық тәжірибелік конференция өтті.
4.Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Бірінші Вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өңіріміздегі төтеншеліктерге жаңа алып техникалар мен өрт сөндіру көліктерінің кілттері табыс етілді.
5.Жезқазғандық көлік жүргізушілерінің 2021 жылдың қортындысы бойынша көлік салығы 37 миллион теңгеден асып кеткен. Қала аумағында мемлекеттік кірістер басқармасы мен жол полициясының қызметкерлері- жекеменшік көлік салығын тексеру мақсатында кезекті рейд ұйымдастырды. Сонымен қатар ақпараттық түсіндірме жұмыстары да өткізілді.
6.Алдағы энергетика күніне орай Кәсіпқорған кәсіподағының Жезқазған филиалы шағын футболдан турнир өткізді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты