Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 17.11.2022

1. Ұлытау аудандық мәдениет үйінде «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 17.11.2022

1. Ұлытау аудандық мәдениет үйінде «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
2. Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс Холдинг» ЖШС арасындағы меморандум іске аса бастады. Бүгін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Kazakhmys Smelting»ЖШС бас директоры Нұрахмет Нуриев көп жылдардан бері құрылысы басталып,әлі күнге дейін аяқталмаған нысандарды аралады.
3. С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Ұлытау даласының ардақты перзенті, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Әбілқасен Әміралиннің 110 жылдығына арналған «Көркем сөздің тарланы» атты аймақтық жыр мүшайрасына өтті. Өлең бәйгеге түскен жарыс жайында толығырақ келесі бейнесюжетте.
4. Ұлытауға облыс мәртебесі берілген соң, облыстық деңгейдегі жаңа мемлекеттік органдар құрылғаны мәлім. Ендігі күн тәртібіндегі өзекті мәселе: әкімшілік мемлекеттік қызметке кіру сұрағы.
5. 11 қараша күні Ұлытау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлытау аудандық полиция бөлімі және аудандық прокуратура өкілдерімен бірлесіп, жалпы салмағы 300 келіден асатын марихуананы жойды. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары тәркіленген қарасора тұқымдас өсімдіктерді жойып, өртеп жіберді. Жойылған есірткі заттары 1400 түп қарасора тұқымдас өсімдік. Полиция қызметкерлері осылайша 300 келіден астам марихуананың қара нарыққа өтуіне жол бермеді.
6. Президент сайлауына 3 күн қалды. Ұлытау облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары өңірімізде саяси науқанға дайындықтың қалай жүріп жатқаны жайлы айтып берді.
7. Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуде қаңтар оқиғасына тоқталып, халықтың бейбіт шеруі мен қарақшылар жасаған қанды қылмыстың арасын ажырата білу керек, деді президент.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты