Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 18.10.2022

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша Жезқазған қалалық Жоғары Медициналық колледжінде кездесу өтті.

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 18.10.2022

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша Жезқазған қалалық Жоғары Медициналық колледжінде кездесу өтті.
2. Биыл елемізде кісі өлімі 3, мал ұрлығы 2 есеге азайған. Есесіне тұрмыстық жанжал тиылмай тұр. Өткен 9 айда отбасындағы жанжалға қатысты полицияға 100 мыңнан астам қоңырау түскен. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Ұлытау облысы тұрғындарымен кездесуінде айтты. Жалпы елдегі қоғамдық қауіпсіздік жіті бақылауда. Бірақ бұл полиция қызметкерлерінің босаңсуына жол бермейді.
3. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Үміттің алқызықыл желкені» атты көркемөнерпаздардың шығармашылық фестивалі өтті.
4. Кеңгір ауылында Мемлекет басшысының бастамасымен «табиғатта қоқыс жоқ» жалпыұлттық акциясы аясында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.
5. Қазақмыс еңбеккерлері арасында пауэрлифтингтен турнир өтті. Шараны ұйымдастырушылар КәсіпҚорған кәсіподағы мен жастар болашақ жастар одағы.
6. Республика күні қарсаңындажәне әкелер күніне орай Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта іс-шара өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты