Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 18.11.2022

1. Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы қаулысына сәйкес «Ұлытау облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылды. Басқарманың қызметі, құрылғаннан бастап атқарылған жұмысы жайлы баяндалған брифинг өтті.

2. Жезқазған қаласында бірқатар абаттандыру және құрылыс жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қасбеттері жөнделген тұрғын үйлерді аралады.
3. Теректі ауылында құрылысы 2 жылға созылған мектеп мәселесі бойынша Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали мен облыстық білім басқармасының басшысы Сапура Төлекова тұрғындармен кездесті.
4. Шаһарымыздағы 91ші орамда құбырларды изоляциялау жұмыстары жүргізілуде. Марғұлан көшесінен бастау алған жұмыстарды Жезқзаған жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны қолға алған. Қыс мезгілі жақындағанда құбырларды изоляциялау қалыптасқан әдіс. Бұл жұмыстар алдағы аптада толықтай аяқталады деп күтілуде.
5. Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театры жаңа қойылыммен толықты. Заманының заңғар жазушысы Мұхат Әуезовтің Көксерек әңгімесінің желісі бойынша сахналанған спектакль жөнінде толығырақ келесі бейнесюжетте.
6. Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы дін мәселелерін түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету мақсатында өңірлерді аралауда. Аталған топ Ұлытау облысына ат басын бұрды.
7. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты