Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 19.12.2022

1.Тәуелсіздік күні Жезқазған қаласында 90 отбасы баспаналы болды. Кезекте тұрған қала тұрғындарына жаңадан салынған көпқабатты үйден пәтер берілді. Халықтар достығы мен мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шарадан тілші тарқатады.

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 19.12.2022

1.Тәуелсіздік күні Жезқазған қаласында 90 отбасы баспаналы болды. Кезекте тұрған қала тұрғындарына жаңадан салынған көпқабатты үйден пәтер берілді. Халықтар достығы мен мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шарадан тілші тарқатады.
2.Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалмұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала 2 ұжымдық топ пен 3 тұрғын жазылған.
3.21 ғасырда жаңадан пайда болған мамандықтың бірі-кәсіби медиатор. Медиция заңының қабылданғанына 11 жыл толуына байланысты облыстың №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жиын өтті.
4.Қаражал қаласында дзюдо күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Олимпиадалық резервтегі Қаражал дзюдо мектебінің 25 жылдығына арналған 16-шы республикалық турнир өтті.
5.Ұлытау облысында Жайдарман ойындарының жаңа маусымы басталды. Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде Маусымашар 2022 фестивалі өтті.
6.Қоғамның дамуы мен қалыптасуында бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны айрықша! Дидар телеарнасы-осыдан алпыс үш жыл бұрын өмірге келіп, Жезқазған-Ұлытау аймағының шежіресіне айналған қасиетті қара шаңырақ. Телеарна тынысында ертеңнен бастап үлкен өзгеріс, үлкен жаңалықтар бар. Кеңірек келесі бейнематериалда.
7.Ұлтымыз үшін ұлы мереке. Осындан тура 31 жыл бұрын егеменді ел атандық. Азаттықпен бірге ел дамуының жаңа бағыттарын айқындадық. Шекарамыз шегенделіп, ұлттық рухы бар мызғымас мемлекетке айналдық.
8.Бүгін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен әкімдік ғимаратында кезекті аппарат жиыны өтті. Жиын кадрлық тағайындаудан басталды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты