Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 22.11.2022

1. Аймақтағы экологиялық проблема, Ұлытау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жұмысы. Бүгінгі өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг осы тақырыпқа арналды.

2. Арнамыздың жедел желісіне Гоголь көшесіндегі 14 үйдің тұрғындары жылудың жоқтығын айтып шағымданды. «Күн суытқалы қашан, әлі күнге дейін жылудың қысымы өте төмен,жоқ десек те болады» дейді тұрғындар.
3. Елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері айтарлықтай көбейгеюде. Бұл – қазақ жеріне, мемлекеттік тілге деген құрмет. Қазақ тілін туған тіліндей сөйлейтін арулармен арнамыздың тілшісі сұхбаттасып келді. Толығырақ келесі бейнесюжеттен тамашалай аласыздар.
4. Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті қызметкерлері өрт сөндіруші Асқар Забикуллинді бір минут үнсіздікпен еске алды.
5. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Ұлықтау рәсімі 26 қарашаға белгіленді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты