"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 23.11.2022
1. Қазіргі таңда қазақ тілінде сөйлеу, қазақ тілін білу үлкен мақтанышқа айналуда. Шет мемлекеттен келген отандық әншілердің жанкүйерлері де тілдің сондай әдемі екенін айтып, оны үйренуге талпынысын көрсетуде. Ал қазақ жерінде өскен өзге ұлт өкілдері болса өз еріктерімен тілді…

1. Қазіргі таңда қазақ тілінде сөйлеу, қазақ тілін білу үлкен мақтанышқа айналуда. Шет мемлекеттен келген отандық әншілердің жанкүйерлері де тілдің сондай әдемі екенін айтып, оны үйренуге талпынысын көрсетуде. Ал қазақ жерінде өскен өзге ұлт өкілдері болса өз еріктерімен тілді еркін меңгеріп жатыр.
2. Бүгін Ұлытау облыстық мәслихатының кезектен тыс 10 сессиясы өтті. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
3. Ұлытау облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олардан жауынгерлік және травматикалық тапаншалар мен патрондар тәркіленді.
4. Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сайлауға барлығы 103 674 адам қатысты, бұл сайлаушылардың жалпы санының 75,48 пайызы.
5. Ұстаздық еткен жалықпас! Шаһарымыздағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Динара Қапарова республикалық Үздік педагог-2022 байқауының жеңімпазы атанды. Ұзақ жылғы еңбектің жемісін көрген ұлағатты ұстаздың қуанышын біздің түсірілім тобы бөлісіп қайтты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


