"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 28.10.2022
1. Алтын Орданың тікелей мирасқоры саналатын Ұлытау жерін әлемге танытуға тағы бір қадам. Жезқазғанда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы»тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. 3 күнге жоспарланған шара…

1. Алтын Орданың тікелей мирасқоры саналатын Ұлытау жерін әлемге танытуға тағы бір қадам. Жезқазғанда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы»тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. 3 күнге жоспарланған шара барысында 40-тан астам ғылыми жұмыстар таныстырылып, Жошы хан ұрпақтары құрған империяның тарихи мұралары туралы баяндамалар тыңдалады.
2. Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға 2 адам келді.
3. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Ұлытау облысында жалғасты.
4. Айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады. Осы орайда оларға қызмет көрсетіп келе жатқан әлеуметтік сала қызметкерлерінің орны ерекше. Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні. Мерекеге орай сала мамандары марапатталды.
5. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – басты мақсат. Осы орайда Жезқазған қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы «New ЦОН» атты жаңа жоба әзірледі.
6. «Ұлытау» спорт сарайында қазақ күресінен «Еңбек қызыл Ту» орденінің иегері, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қабден Шыңғысовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирдің жабылу салтанаты өтті.
7. Қаламыздағы «Абай» атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында «Жас ұстаз табысқа апарар жол атты облыстық жас педагогтер форумы өтуде. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


