Жаңалықтар

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 28.11.2022

1. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен облыс әкімдігінің аппараттық жиналысы өтті. Толығырақ тілшіміз тарқатады...

"Бүгін" жаңалықтар шығарылымы. 28.11.2022

1. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен облыс әкімдігінің аппараттық жиналысы өтті. Толығырақ тілшіміз тарқатады...

2. 27 қараша күні шамамен сағат 22:00-22.10-дарда Жезқазған жылу электр орталығында бір қазандық істен шыққан. Қаладағы температуралық режимге сәйкес шаһарды толық жылумен қамту үшін 4 қазандық қажет. Ал қазір тек 3-еуі істе. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Орын алған жағдайға байланысты облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы бүгін жылу электр орталығына арнайы барды.

3. Жаңаарқа ауданы биылғы жылды ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша 11,4 пайызға өсіммен қортындылады. Ауданға қарасты Ақтау селолық округінде сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтілді. Ауылдағы ағайынның қуанышын бөлісіп қайтқан тілшіміз толығырақ тарқатады...

4. 1-желтоқсанда Қазақстанда «Самұрық-қазына» акционерлік қоғамы компаниялар тобы атынан «Samuruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Табысты отбасы» қайырымдылық жобасы басталады. Оған қалай қатысуға болады? Өтінімдер қалай қабылданады? Толығырақ бүгінгі брифингте баяндалды.

5. Араға 30 жылға жуық уақыт салып, қазыналы Қаражал өңіріне бокс спорты қайта оралды. Соңғы рет шаһарда аталған спорт түрінен жарыс 1989 жылы өткен екен.

6. «Кәсіпқорған» салалық кәсіподағы мен «Жастар болашақ» жастар одағы шағын футболдан жарыс ұйымдастырды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты