Жаңалықтар

БҰЛАНТЫ ШАЙҚАСЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

БҰЛАНТЫ ШАЙҚАСЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Келер 2027 жылы – қазақ тарихындағы атақты Бұланты шайқасының 300 жылдығы! Ұлт Тәуелсіздігінің бастауына баланатын Ұлытаудағы ұлы жорықтың мерейлі белесіне орай Бұланты өзені бойындағы батырлар жерленген қыратқа белгітастар қойылды...

«Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұламадан» ес жиып, еңсе тіктеген қазақ қауымы 1727 жылы Бұланты жағасында алғаш рет жоңғарларға қарсы шайқаста үлкен тойтарыс берген. Бұл жолы – аталған шайқаста ерлік танытқан Атан, Жомарт Атымтай есімді батырлардың басына белгітас орнатылды. Абай облысынан арнайы келген батыр ұрпақтары – негізгі мақсат баба рухына тағзым етіп, ерлердің есімін жаңғырту дейді.

Абай облысынан келген делегациямен бірге Бұлантыдағы тағылымды шараға Ұлытау өңірінің азаматтары мен БАҚ өкілдері де қатысты. Жергілікті азаматтар – бұл шарада жолбасшы болып жүрді.

Белгітасты орнату кезінде батыр бабалардың рухтарына Құран бағышталып, тағзым жасалды. Иә, Үш ғасыр бұрынғы шешуші шайқас – Үш жүздің басын қосқан Ұлытаудың биігіндегі ұлы оқиға.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты