Жаңалықтар

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

«Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Чернобыль ардагерлерінің қатысуымен волейболдан жыл сайынғы біріншілік өтті. Жарысқа облыс және қала аудандарынан келген 100-ге жуық мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты. Қатысушылар 11 командаға бөлініп, тартысты әрі әдемі ойын өрнегін көрсетті. Жарысты өткізудің мәні сол, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлік еңбегін ұлықтау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттап, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты