ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНА – 40 ЖЫЛ

Ғасыр қасіретіне айналған Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа биыл 40 жыл толды. Осыған орай Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде «Чернобыль жаңғырығы: ерлік пен естелік» атты тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Чернобыль ардагерлері, олардың отбасы мүшелері, жергілікті тарихшылар, әскери бөлім өкілдеріжәне мектеп оқушылары қатысты.
1986 жылдың 26 сәуірінде Украинаның Чернобыль атом электр станциясында адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі орын алды. Жарылыс салдарынан мыңдаған адам зардап шегіп, радиациялық қауіптің ауқымы әлемдік деңгейде дабыл қақты.Жарылыс зардабын жоюға Қазақстаннан 30 мыңнан астам адам аттанса,соның ішінде біздің аймақтан 897 азамат барып, апат болған аймақты залалсыздандыруға атсалысқан.
«2121 / Қазіргі енді мақсат осы Чернобыльдерді жылдан жылға саны азайып келе жатыр ғой,енді осыларды құрметтеп,қазір Ұлы отан соғысына теңестірілген. Мысалы 1986-1987 жылдары чернобылбге қатысқан азаматтар Ұлы отан соғысына теңестірілген болып есептелед, ал 1988-1990 жылдағылар олар тыл ардагеріне теңестірілген. Солай болып есептеледі.Енді үкімет тарапынан көмек жоқ емес,бар.Енді қаламызда бірреттік төле төленеді. 300мың теңгедей, сосын жесірлерімізге 50 мың теңгедей төлемақы беріледі»
— Мұхит Үңгітбаев, «Чернобыль жаңғырығы» ҚБ төрағасы
Шара барысында мектеп оқушылары Чернобыль тақырыбына арналған өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Сондай-ақ, жастар қаруды жылдам шашып жинау тәсілдерін көрсетті. Бұдан бөлек, Чернобыль апатының шығу себептері, оның салдары және зардаптарын жою бағытында атқарылған жұмыстар қамтылған бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.
«2151 / Бұл кісілердің ерлігі біздің мемлекетіміздің үлкен рухани қуаты. Біздің мемлекетіміздің қазақ елінің болашағын көрсететін бір үлкен мысал.Сонықтан жастар үшін, біз бірге жүрген чернобыль апатындағы батырларды қадірлеп,олардың әрбір сөзі мен ісінің салмағы зор екенін түсінуге болады.Чернобыль апаты біз үшін үлкен сабақ.Үлкен мектеп. Сондықтан да бүгін чернобыль апатының 40 жылдығын былай атап өтіп, тарихтан сабақ алып, біз келешекте кім боламыз,қалай бара жатырмыз,өзімізді заманға сай қалай ұстаймыз соған үлкен үлгі алып жатырмыз»
— Сағындық Қожамсейітов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Бүгінде Ұлытау облысында Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан 130 дан астам адам тұрады. Олар мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаумен қамтылған. Сондай-ақ ардагерлер жыл сайын еске алу шараларына да қатысып, жас ұрпақпен тағылымды кездесулер өткізіп келеді.
«2180 / ПЕРЕВОД:«Менің жолдасымды 1987 жылы Чернобыльге алып кетті. Ол кезде Жезқазғаннан көптеген ер адамдар шақырылды. Бас тартуға мүмкіндік болмады. Қарсылық білдірсе, қашқын ретінде жауапқа тартылуы мүмкін еді. Бір айға барады деп жоспарланғанымен, ауысым келмей, олар алты айға дейін сонда болды. Біз үйде күтіп отырдық. Бұл өте ауыр кезең еді»»
— Галина Ращаускене, ардагердің жұбайы
Кездесу соңында қатысушыларға «Чернобыль апаты – ғасыр қасіреті» атты арнайы көрме таныстырылды. Онда ардагерлердің жеке бұйымдары, әскери жабдықтар, архивтік құжаттар мен сирек фотосуреттер қойылған.Айта кетейік, Чернобыль ардагерлеріне арналған бұл көрме Жезқазғанда 2019 жылы ашылған болатын.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


