ЧЕРНОБЫЛЬ ҚАСІРЕТІНЕ 40 ЖЫЛ

Украинадағы атом электр станциясының істен шыққанына биыл 40 жыл. Чернобыль атом электрстанциясындағы ядролық апат дүниежүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың бірі. Тағзым алаңында бас қосқан көпшілік сол қасіретті жылдарда қаза болған боздақтарды еске алып, рухына құран бағыштады.
1986 жылдың 26 сәуірі - адамзат тарихындағы ең ауыр қасіретті күндердің бірі. Сол күні Украинаның Чернобыль атом электр станциясында болған жарылыс мыңдаған адамның тағдырын түбегейлі өзгертті.Жарылыс зардабын жоюға 900 мыңдай адам қатысса, оның отыз екі мыңы қазақстандық еді. Соның ішінде біздің аймақтан 879 сарбаз қатысып,апат болған аймақты залалсыздандыруға атсалысты, оның187 сі Жезқазған қаласынан.. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары мен жауапты сала өкілдері Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі мен жанқиярлық еңбегін ерекше атап өтті.
Ұлытау облысында Чернобыльдегі алапатты көзбен көрген 100 ден астам ардагер бар. Түгел Дүйсенбаев - жарылыс зардабын жоюға Жезқазған қаласынан барған 187 азаматтың бірі. Ол кезде әркім өз мамандығы бойынша жұмыс істеді. Ал, құрылыс маманы Түгел аға ғимараттарды қалпына келтіріп, берілген тапсырманы орындады.
«1228 3ші звуктан: / Осыдан 40 жыл бұрын Чернобыль апатына қатыстым.1986 жылы 26 сәуір қараған түнінде 4 ші блок атылып, бізді как жұмыскер ретінде,маман ретінде, ол кезде бізді алған кезде партизан деп шақырады ғой, солдаттар емес. Сол кезде мен 6 ай сол жақта өз қызметімді атқарып келдім. Міні бүгін соған әкімшіліктен және бізге қызмет көрсеп жатқандарыңызға көптен-көп рахмет айта отырып,мынау ардагерлерге семьяда бақытты,немерелерінің қызығын көріп, осылай біздің елімізде ешқандай соғыс, апат ештеңе болмай,кейінгі бүлдіршіндердің өмірі жақсы болсын деймін»
— Түгел Дүйсенбаев, Чернобыль апатының ардагері
Тағзым алаңында жиылған көпшілік, апаттың салдарынан қаза болған сарбаздарды еске алды,ескерткішке гүл шоқтарын қойды
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


