«CLEVER KIDS» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

Өңірдегі «Clever Kids» ағылшын тілін оқыту орталығы кезекті оқу жылын қортындылады.
«Clever Kids» оқу орталығы өз жұмысын ресми түрде 2020 жылы бастаған. Тәжірибелі мамандардың басын бір арнада тоғыстырған орталықта әлемнің тілі саналатын ағылшын тілін жеделдетілген бағдарлама бойынша үйреніп шығуға кең мүмкіндік қарастырылған. Қазір мұнда 40 тан астам бала шет ел тілін меңгеруде, оқу маусымында үздік нәтиже көрсеткен 10 оқушыға осы орталықта бір айлық тегін курсқа сертификаттар табысталды.
-(Мен ағылшын тілін үйренуді 2024 жылдан бастадым. Осы екі жылда мен ағылшын тілінде еркін сөйлеп, ойымды да еркін жеткізе алатын болдым. Сөздік қорым молайды. Мұның бәрі орталықтағы ұстаздарымның елеулі еңбегінің жемісі деп білемін!) -(Мен – 10 шы сыныптың оқушысымын. «Clever Kids» орталығына оқуға келгеніме 9 ай болды. Өткен 9 айда тілді игеру тұрғысынан көп нәрсені үйрендім. Ұстазым – Раушан Өмірбекқызына айрықша алғысымды айтамын!) Білім саласында үлкен сұранысқа ие ұйымшыл ұжымның тынымсыз тірлігіне іс шара қонақтары да оң бағасын берді.
-(«Clever Kids» оқыту орталығы 6 жыл уақыт бойы оқушыларға ағылшын тілін үйретуде еселі еңбек етіп келеді. Мұндағы ұстаздардың кәсіби деңгейі өте жоғары. Соның бір дәлелі: орталықта ілім терген оқушылар түрлі дәрежедегі білім додаларында жүлделі орындарға ие болады.) Мерекелік дастархан басында оқу маусымын сәтті түйіндеген топтың алдағы жылға қойып отырған жоспары ауқымды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


