Жаңалықтар

«CUPRUM RUN – 2026»

«CUPRUM RUN – 2026»

Облыс орталығында – «Қазақмыс» компаниясы мен Жезқазған қаласының әкімдігі бірлесе қолға алған дәстүрлі «Cuprum Run-2026» марафоны өтті...

Қала күні қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын айрықша марафонның жыл сайын ауқымы кеңейіп, қатысушылар саны да артып келеді. «Алаш» алаңында бастауын алған жүгіру жарысына 1200 қатысушы тіркелген. Биылғы марафонның жаңалығы: алғаш рет 21 шақырымдық жартылай марафон қосылған.

«(Бұл жарысты біз осыдан 4 жыл бұрын бірінші рет ұйымдастырдық. Осы аралықта марафонға қызығушылар қатары бірнеше есеге өсті. Біз биыл балаларға арналған жүгіру жарысын қостық. Мұндағы біздің мақсатымыз: бұқаралық спортты дамыту, салауатты спорт салтын үлгі ету.)»

— Жәнібек Байғабелов, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры

Маңызы зор марафон алдында қатысушылар қаз қатар тізіліп дене қыздыру жаттығуларын жасады. Жарысты кәсіби деңгейдегі төршілер бағамдады. Қортындысында - жас санаттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

«(Өте керемет сезімдемін! Қазақтың барлық жастарын, азамат пен азаматшаларды осы марафонға жыл сайын қатысуға шақырамын. Өйткені, спорт ол – денсаулық кепілі! Жаны саудың – тәні сау! Марафонға қатысып жатқан қатысушылардың жауынгерлік рухын көтеру мақсатында осындай ұлттық нақыштағы киімді киіп келдім!)»

— Саят Ерназар, «Cuprum Run-2026» марафон жүлдегері

«(Жалпы, жүгіру спортымен айналысқаныма 14 жылдай уақыт болды. Қазіргі таңда Астана қаласында жеңіл атлетикадан бапкер болып жұмыс істеймін. Балаларды жарыстарға дайындаймын! Бүгінгі жарыс өте жақсы ұйымдастырылған. Бәрі жоғары деңгейде! Мен осымен үшінші мәрте қатысудамын.)»

— Әлімжан Балтабек, «Cuprum Run-2026» марафон жүлдегері

«(Менің жасым – 11 де. Марафонға бірінші рет қатыстым. Өте ұнады!Бұл денсаулыққа өте пайдалы жарыс.)»

— Аяла Дүйсенәлі, «Cuprum Run-2026» марафон қатысушысы

Айта кетейік, Марафонның барлық қатысушылары естелік медаль мен арнайы спорттық жейделерге ие болды...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты