«ДАЛА ДӘМІ» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Өткен сенбіде облыс орталығындағы «Нарық» базарында «Дала Дәмі» атты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Сауда алаңы - жергілікті шаруалар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік берді.
Жәрмеңкеде Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының шаруалары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арнайы әкелген өнімдерін ұсынды. Мұндағы басты ерекшелік – өнімнің делдалсыз сатылуы. Бұл бір жағынан тұрғындарға сапалы азық-түлікті тиімді бағамен алуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан шаруаларға өз тауарын кеңінен таныстыруға жол ашады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі – еңбекпен өндірілген өнімді ел игілігіне ұсынудың таптырмас мүмкіндігі. Мұндағы сауда – нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағада болды.
Өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, отандық өндірісті қолдауда маңызды рөл атқарады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


