Жаңалықтар

«ДАҢҚ» АЛЛЕЯСЫНА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«ДАҢҚ» АЛЛЕЯСЫНА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Атадан мал қалғанша, тал қалсын дейтін елміз. Табиғатқа көрік, аулаға тыныс, жұртқа сая, құсқа ұя болса несі жаман. Ағаш егу сауапты іс екені де жасырын емес. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жезқазған қаласындағы «Даңқ» аллеясына ағаш көшеттері отырғызылды.

Облыс әкімі Дастан Рыспеков абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына аймақ халқын бір кісідей жұмылуға шақырған еді. «Respublica» партиясының Ұлытау облыстық филиалы өңір әкімінің үндеуіне алғашқылардың бірі болып үн қосты. Игі іске аймақ экологиясына бей-жай қарамайтын жандар түгел жиналған.

Барлығының мақсаты бір. Туған өлкені жасыл-желекке айналдырып, экологияның жақсаруына үлес қосу. екі айлық сенбілік жарияланған сәттен бастап филиал мүшелері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, жасыл желектерді әктеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Іске Жезқазған қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің Мәдениет және демалыс парктерін басқару ұжымы да қолдау көрсетіп, ағаштарды суаруға арнайы техника бөлді. Жалпы, «Respublica» партиясының Ұлытау облыстық филиалы былтыр да Сатпаев, Жезқазған қалаларында 60 көшет отырғызған болатын.

Филиал мүшелері алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты