Жаңалықтар

«ДАРАБОЗ 2026» ЗИЯТКЕРЛЕР ДОДАСЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

«ДАРАБОЗ   2026» ЗИЯТКЕРЛЕР ДОДАСЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Сәтбаев қаласында білімді зияткерлердің басы қосылған «Дарабоз - 2026» облыстық интеллектуалды ойын мәреге жетті. Өңірдің әр түкпірінен іріктелген 18 қатысушы бақ сынаған доданың ақтық кезеңі тартысқа толы болды…

Білім мен ұшқыр ой тоғысқан додада түрлі сала өкілдерінің үздіктері өзара мықтыны анықтады. Турнир төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы үш кезеңде қатысушылар алты адамнан құралған топтарда сынға түсіп, нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған алты үміткер ақтық сынға жолдама алды.Жобаның негізгі мақсаты - жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік ортаны дамыту және ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттау.

«СНХ Ізтай БЕЙСЕНБАЕВ, қазылар алқасының төрағасы»

— Абай Ораз, «Дарабоз - 2026» зияткерлік ойынының ұйымдастырушысы

Зияткерлік сайыс қорытындысында қатысушылар алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен және ақшалай жүлделермен марапатталды. Биылғы турнирдің бас жүлдесін Сәтбаев қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бағлан Оразалы жеңіп алып, 700 мың теңге көлеміндегі басты сыйлыққа ие болды.

Ұйымдастырушылар мұндай жобалар жас буынның тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өңірдің зияткерлік әлеуетін арттыруға серпін береді дейді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты