Жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ АРТПАҚ

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ АРТПАҚ

Медициналық қызметкерлердің құқықтық қорғалуы және заңдық қауіпсіздігі». Аталған тақырыпта Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасында оқыту-семинар тренингі өтті. Іс-шараны «SENIM» денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы ұйымдастырды.

Бүгінде дәрігерлер үшін тек науқастардың денсаулығын сақтау ғана емес, өз құқықтарын қорғау да маңызды мәселеге айналып отыр. Осыған орай ұйымдастырылған семинарға адвокат, бизнес-тренер әрі кәсіби медиатор Елизавета Ахметова арнайы шақырылды.Кездесу барысында қатысушыларға биылғы 8 наурыздан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді. Сонымен қатар медицина саласында жиі кездесетін құқықтық тәуекелдер қарастырылып, дәрігерлердің жауапкершілігі, науқастармен тиімді қарым-қатынас орнату және даулы жағдайларда әрекет ету жолдары талқыланды.

«6819 ПЕРЕВОД: Соңғы уақытта Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты шабуыл жасау деректері жиілеп кетті. Сондай-ақ қорлау, құрметсіздік таныту және медициналық ұйымдарға негізсіз түрлі айыптаулар айту жағдайлары да көбейген.Осыған байланысты биыл заңнамаға маңызды өзгерістер енгізілді. Жыл басында қабылданып, 2026 жылғы 8 наурыздан бастап күшіне енген заңға сәйкес, еліміздің Қылмыстық кодексіне арнайы норма енгізілді.Аталған норма медицина қызметкеріне немесе жедел жәрдем жүргізушісіне күш қолдану не күш қолданамын деп қорқыту әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады»

— Елизавета АХМЕТОВАбизнес-тренер, кәсіби медиатор

«6827 ПЕРЕВОД:Бұл шара Ұлытау облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Тақырыптың өзектілігі жоғары болғандықтан, осы мәселені арнайы көтеру туралы шешім қабылданды.Осы орайда тренеріміз Елизавета Ахметоваға ерекше алғысымызды білдіреміз. Ол Астана қаласынан арнайы келіп, біздің ұсынысымызды қолдады. Семинар екі бөлімнен тұрады: теориялық және практикалық. Теориялық бөлімде заңнамадағы өзгерістер түсіндірілсе, практикалық бөлімде нақты жағдайлар мысалында талқылау жүргізіліп, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды»

— Балшекер Ермағанбетова, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ұлытау облыстық филиалының төрағасы

Алдағы уақытта мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, медицина қызметкерлері үшін өзекті тақырыптар аясын кеңейту көзделуде.Дәрігерлер де, құқықтық сауаттылық -бүгінгі таңда кәсіби қызметтің маңызды бөлігі екенін айтады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жүйелі түрде көрсетілетін құқықтық қолдау медициналық қызмет сапасын арттыруға және қоғамның денсаулық сақтау саласына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты