Жаңалықтар

ДӘСТҮРЛІ «МУЗЕЙ ТҮНІ» ІС ШАРАСЫ

ДӘСТҮРЛІ «МУЗЕЙ ТҮНІ» ІС ШАРАСЫ

Халықаралық музейлер күніне орай Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде дәстүрлі «Музей түні» акциясы өтті. Тарих пен мәдениетті ұлықтаған кеште келушілер сирек жәдігерлермен танысып, ұлттық мұраның бай қазынасын тамашалады.

Мерекелік шараға мәдениет саласының өкілдері, зиялы қауым, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Кеш барысында бірқатар музей қызметкері марапатталып, сала дамуына үлес қосып жүрген мамандарға арнайы алғыс хаттар табысталды. Мерекелік кеште ұлттық дәстүр мен құндылықтар кеңінен дәріптелді.

«0117 / / Басты мақсатымыз-музей жәдігерлерін адамдарға музей тарихымен таныстыру.Сонымен қатар музей негізінен тірі тарих. Бұл іс-шара бізде жыл сайын 18-мамыр халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылып отырады.Алдағы уақытта музейдің қабырғансында негізінен атаулы елеулі оқиғалардың барлығы ескеріледі. Соның аясында танымдық сабақтар,дөңгелек үстелдер,мерекелік іс-шаралар өткізіледі»

— Айгерім Мәдіхан, облыстық тарихи-археологиялық музейдің бөлім басшысы

Көп жылын музей саласына арнаған мамандар үшін бұл күн - еңбектің еленер сәті болды. Солардың бірі -музей саласында отыз жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Шарапат Ауелова.

«0222 / Бұл музейге мен 1998 жылдан бері осы бүгінге дейін жұмыс атқарып келемін. Міне бүгін музейлер күні қарсаңында мен бүгін Ұлытау облысының құрмет грамотасымен марапатталдым. Тағы да менің ұжымдастарым марапатталып жатыр. Ұжымдастарыма жұмыстарына табыс тілеймін. Еңбектерінің жемісін көрсін.Мерекеміз құтты болсын!»

— Шарапат Ауелова, облыстық тарихи-археологиялық музей басшысының орынбасары

Шара барысында қонақтар арнайы ұйымдастырылған инсталляциялар мен интерактивті аймақтарды тамашалады. Теңге соғу шеберлік сабақтары, жас зерттеушілер алаңы, киіз үй төріндегі абыз ақсақалдың аңыз-әңгімелері көпшілік назарын аударды. Сонымен қатар қолөнер көрмелері, сурет галереясы, авторлық сәндік бұйымдар мен табиғи өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шара аясында дәстүрлі «Тарихта өз атыңды қалдыр» акциясының қорытындысы да жарияланды. Жыл басынан бері музей қоры 41 жаңа жәдігермен толыққан.Олардың қатарында Кәдір би ұрпақтары тапсырған тал бесік, тұрмыстық бұйымдар, тарихи қару-жарақ бөлшектері мен этнографиялық құндылықтар бар.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты