ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау күні денсаулығына, отбасылық жағдайына немесе шалғай елді мекенде болуына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтар үшін тұрған жері бойынша дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай жағдайда дауыс беруді қалай рәсімдеуге болатынын және ол үшін қандай талаптар орындалуы қажет екенін Жезқазған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрсұлтан Қарсыбеков толығырақ айтып берді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


