ДІН ТАҚЫРЫБЫН ЖАРИЯЛАУДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Ұлытау облысының дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді жариялайтын журналистер мен ақпараттық ресурстар өкілдеріне арналған семинар өткізді. Кездесуде қоғамға діни ақпаратты дұрыс әрі жауапты жеткізудің маңызы сөз болды.
Семинарда дін мен зайырлылық ұғымы, діни бірлестіктердің қызметі, конфессияаралық қатынастар және қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды ақпарат кеңістігінде сауатты насихаттау мәселелері талқыланды. Әсіресе дін тақырыбындағы ақпараттың нақтылығы мен шынайылығына, журналистің кәсіби жауапкершілігіне және күрделі мәселелерді көпшілікке дұрыс жеткізу жолдарына басымдық берілді.
Іс-шара барысында зайырлылық қағидатының мәні, оның қоғамдық ортада қабылдануы және осы ұғымға қатысты түрлі түсініктерді дұрыс қалыптастыру жолдары да кеңінен талқыланды. Қатысушылар нақты мысалдар арқылы ақпараттық материалдарды талдап, тәжірибе алмасты.
Семинар журналистердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, дін саласындағы ақпаратты қоғамға сауатты, нақты әрі жауапкершілікпен жеткізу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


