ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Ұлытау облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылдың Діни бірлестіктер клубының алғашқы отырысы өтті. Кездесу барысында конфессияаралық келісімді нығайту және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды.
Кездесудің басты мақсаты - конфессияаралық өзара іс-қимылды дамыту және ортақ мәселелерді талқылау. Биыл клуб аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, қазақ тілі курстары жалғасып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, Конституция күніне орай үстел теннисінен турнир, ал Рухани келісім күніне шығармашылық фестиваль өткізу көзделген.
Жиында заң талаптарын сақтау мәселесі де сөз болды. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың ата-анасының рұқсатынсыз діни іс-шараларға қатысуына жол бермеу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, «Конфессияаралық диалог – терроризмге қарсы күрестің негізі» тақырыбында баяндама жасалып, қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.
Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер, өңірде тұрақтылықты сақтауға және діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті арттыруға мүмкіндік беретінін айтады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


