Жаңалықтар

«ДОСТЫҚ КУБОГЫ» ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ

«ДОСТЫҚ КУБОГЫ» ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Жезқазған қаласындағы «Наурыз» саябағында «Достық кубогы» атты шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Доп доасына облыс орталығындағы түрлі мекеме қызметкерлері мен жастар және белсенді тұрғындардан құралған әуесқой командалар қатысып, өзара бақ сынасты.

Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен додаға барлығы 9 команда қатысты.Басты мақсат - этносаралық татулықты нығайту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті арттыру.

Доп додасына әр команда тыңғылықты дайындықпен келіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсете білді. Қатысушылар турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.

«8146 ПЕРЕВОД: Қазақстан халқының бірлігі күніне орай осы турнирге қатысу үшін жиналдық. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары болды. Барлық командалар мықты, ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса екен дейміз. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын, барлығына денсаулық пен амандық тілеймін»

— Алексей Ильяшин, турнир қатысушысы

Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар арнайы кубоктармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.Мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірде салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамдық келісімді нығайтуға өз үлесін қоса бермек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты