«E QYZMET» ЖҮЙЕСІ БҮГІНДЕ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процестері толық цифрлық форматқа көшті. Барлық конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында жүйе жетілдіріліп, 2024 жылдан бастап «E-Qyzmet» ақпараттық жүйесі арқылы жаңа іріктеу форматы іске қосылды.
«E-Qyzmet» ашық порталы - мемлекеттік қызметке іріктеуді автоматтандырып, оны кез келген адам үшін қолжетімді ететін жүйе.Бос лауазымдар порталда жарияланып, үміткерлер онлайн өтінім бере алады. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады: заңнаманы білуге арналған тест, жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін тексеру.Сонымен қатар,төменгі санаттағы лауазымдарға практикалық бағалау жүргізілсе, жоғары санаттағы лауазымдарға әңгімелесу ұйымдастырылады. Ал кейбір жоғары лауазымдарда эссе жазу міндетті болып табылады.
«2118 Бұл жүйенің ең негізі мақсаты және міндеті бұл «E-Qyzmet» ашық порталы арқылы жалпы интернет жүйесі арқылы кез-келген уақытта 24/7 Қазақстанның немесе шет елдердің түкпір-түкпірінде отырып,яғни өзінің қолындағы ноутбуктары немесе компьютерлары арқылы интернет болса болды,сол бос лауазымға е қызмет арқылы кіріп,ашық порталда өтінім беру арқылы кезеңдерді тапсырып,соған онлайн қашықтықта жұмысқа тұруына үлкен мүмкіндік бар»
— Айнұр Абикенова, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы
Іріктеудің жаңа жүйесі арқылы аталған кезеңдерден жоғары балл жинап жұмысқа орналасқан мамандар қазіргі таңда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінде табысты еңбек етуде.Олар«E-Qyzmet» порталы арқылы мемлекеттік қызметке орналасу өте ыңғайлы әрі қолжетімді болғанын айтады.
Енді мемлекеттік қызметке орналасу тек қағазбен емес, онлайн түрде жүзеге асады, кез келген өңірден, тіпті шетелден де қатысуға болады. Бұл жүйе жаңа мамандарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге, ал мемлекеттік қызметке - білікті кадрларды тартуға жол ашып отыр.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


