ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ МИНИСТРІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол Жезқазған мыс балқыту зауытындағы экологиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту бағытындағы жұмыстарды бағамдады. Сондай-ақ өңір тұрғындарымен кездесіп, экологиялық мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жезқазған мыс балқыту зауыты - өңірдегі ең ірі өндіріс орындарының бірі. Алайда ауаға таралатын зиянды заттардың едәуір бөлігі де осы кәсіпорынға тиесілі. Сондықтан өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту - бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Вице-министрдің айтуынша, «Қазақмыс» компаниясының кешенді экологиялық рұқсат алуы осы бағыттағы маңызды қадам. Қазір зауытта күкірт қышқылы цехының құрылысына дайындық жүріп жатыр. Жоба іске қосылғаннан кейін ауаға таралатын зиянды заттардың көлемі азайып, өндірістің тиімділігі артады. Бұл өңірдегі экологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсер етпек.
«1108 ПЕРЕВОД: Биыл жобаға енгізілетін түзетулерді аяқтау жоспарланып отыр. Қазір құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтуде. 2027 жылы құрылыс жұмыстары басталады. Бұл мәселені жергілікті тұрғындар да жақсы біледі. Ал 2028 жылы нысанды пайдалануға беру көзделген. «Қазақмыс» компаниясы кешенді экологиялық рұқсат алғаннан кейін өз мойнына үлкен міндеттеме алды. Егер сол талаптар орындалмаса, заңда қомақты айыппұлдар қарастырылған. Компания мұны жақсы түсінеді. Біз де министрлікретінде бұл жұмысты тұрақты бақылауда ұстаймыз»
— Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
Өңірдегі өндіріс орындарының жұмысы енді автоматы жүйелер арқылы да бақылануда. Мұндай құрылғылар ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшерін тәулік бойы өлшейді. Ұлытау облысында мұндай жүйелер алты кәсіпорында орнатылуы керек. Бүгінде олардың бесеуі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар кәсіпорындар қоршаған ортаға келетін зиянды азайту үшін өндірістерін жаңартып, экологиялық талаптарға сай жаңа технологияларды енгізуді де жалғастырып жатыр.
Вице-министрдің жұмыс сапары Сәтбаев қаласында жалғасты. Мұнда вице-министр өңір тұрғындарымен кездесіп, экологияға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Тұрғындар ең алдымен ауаның сапасы, ауыз судың жай-күйі, заңсыз қоқыс үйінділері мен тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мәселелерін көтерді. Айта кетейік, өткен жылы Ұлытау облысында 114 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жинақталған. Вице-министрдің айтуынша, өңірде қалдықтарды басқару жүйесін әлі де жетілдіру қажет.
«Бүгін бірнеше маңызды мәселе көтерілді. Оның ішінде күкірт қышқылы цехының құрылысы, заңсыз қоқыс үйінділері және қалдықтарды орналастыру мәселесі бар. Бұл түйткілдерді шешу үшін облыста жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу қажет. Қазір өңірдегі 34 полигонның тек екеуі ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сай. Сондықтан Экология министрлігінің қолдауымен «DD-Jol» компаниясының жобасы жүзеге асырылады»
— Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
Жалпы Ұлытау облысындағы экологиялық мәселелерді кезең-кезеңімен шешу үшін 2024-2028 жылдарға арналған арнайы жол картасы бекітілген. Биыл соның аясында 11 іс-шара қолға алынған. Вице-министр барлық жобаның уақытылы әрі сапалы орындалуы министрліктің тұрақты бақылауында болатынын айтты. Ал жұмыс сапарының соңында Мансұр Ошурбаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


