Жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖАҢА ЖОБА

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖАҢА ЖОБА

Ұлытау облысында жаңа экологиялық бастама жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – жеміс сүйектерін кәдеге жаратып, өңірдегі жасыл желек көлемін арттыру.

Экологиялық бастаманың алғашқы қадамы №3 мектептен бастау алды. Мұндағы идея қарапайым: жеміс дәндерін қоқысқа тастамай, жинап, табиғатқа қайта егу. Өрік жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделеді, ал оны отырғызу үшін күрделі дайындық қажет емес.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама тек көгалдандырумен шектелмейді. Маңызды міндеттің бірі – жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыру.

«Біздің облысымызда бұл бастама бүгінде нақты іске асырыла бастады. Көріп отырғандарыңыздай, қазір өскелең ұрпақты осы іске тартуға ерекше мән беріліп отыр. Бұл бастаманың басты артықшылығы – кез келген адамға қолжетімділігінде. Өрік сүйегін сақтап, оның ағашқа айналуына мүмкіндік беру жеткілікті. Егер осы қарапайым іске барша азамат қолдау білдірсе, бүгін отырғызылған сүйектер болашақта мыңдаған ағашқа айналуы мүмкін»

— Дәурен Айбасов, Ұлытау облысы прокуратурасы басқармасының бастығы

Аталған акция №1 мектепте жалғасын тапты. Мұнда да Облыс прокуратурасының өкілдері оқушылармен бірге өрік көшеттерін отырғызып, өңірді көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Бүгінде Қазақстан аумағының шамамен бес пайызын ғана орман алқаптары құрайды. Ал жабайы өріктің өну көрсеткіші 70 пайыздан асады. Яғни, отырғызылған мың дәннің 700-ге жуығы өніп шығуы мүмкін.

Айта кетейік, экологиялық бастама халықаралық деңгейдегі жұмыстармен де сабақтас. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялаған. Ал бүгін отырғызылған әрбір сүйек болашақта жаңа ағашқа айналып, елді мекендердің көгалдануына жол ашпақ.

Экологическая акция продолжилась в школе №1. Представители прокуратуры области вместе с учащимися также высадили абрикос, присоединившись к инициативе по озеленению региона.

«В этом году по инициативе Президента Касым-Жомарта Токаева был объявлен годом озеленения, защиты природы в рамках «Таза Қазақстан» и посадки деревьев. Мы заботимся о чистоте окружающей среды»

— Айзере Муханбетрахым, ученица ОШ №1

Сегодня леса занимают лишь около пяти процентов территории Казахстана. При этом показатель всхожести дикого абрикоса превышает 70 процентов. Это означает, что из тысячи посаженных косточек потенциально могут прорасти до 700.

«Мероприятие охватывает не только город Жезказган, но и всю область Ұлытау. При этом акция не ограничивается посадкой деревьев — её цель также заключается в том, чтобы вместе с подрастающим поколением вносить вклад в экологию и наше будущее, а также шире распространять акцию «Таза Қазақстан» среди молодёжи»

— Хаджимурат Серикбай, старший прокурор прокуратуры города Жезказган

Инициатива получила международное значение: по предложению Президента Касым-ЖомартаТокаева Генеральная Ассамблея ООН провозгласила 22 апреля Международным днём озеленения планеты. Организаторы подчёркивают — если миллионы людей ежегодно будут возвращать семена в природу, простая инициатива может дать масштабный результат и сделать города и сёла зеленее.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты