Жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Жезқазғанда Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қалдықтарды бөлек жинау бойынша эко-мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты - жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау дағдысын насихаттау. Шара барысында оқушылар экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған жобаларын таныстырып, өздерінің тың бастамалары мен креативті ұсыныстарын көпшілік назарына ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі иеленді. Екінші орын Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейге бұйырса,үшінші орынды №8 гимназия еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«1110 / Біз жүлделі 1ші орын алдық.Негізі адамдар таза ұстауы керек.Табиғатты ластамау керек,ауаны таза ұстау керек.Осы іс-шараға қатысқаным үшін ұстаздарыма және ата-анама алғысы шексіз»

— Айару Мұқажан, Қ.Шыңғысов атындағы №5 ЖББМ оқушысы

Шара аясында оқушылардың қатысуымен бірқатар танымдық тренингтер, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.Онда қатысушылар мектептерде қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу, экобокстар орнату, пайдаланылған заттарды қайта өңдеу мен қайта қолдану, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған түрлі экологиялық шешімдерді ортаға салды.

«1130ПЕРЕВОД:Мұнда біз өз жобамызды ұсынып отырмыз. Бұл - сынып ішіндегі ауаны тазартуға арналған сүзгі. Ол екі литрлік бөтелкеден, мақтадан, дәкеден, құмнан және белсендірілген көмірден тұрады. Яғни, оны терезеге бекітеміз, ауа айналымы болуы керек. Мен үйде өзім тәжірибе жасап көрдім: сүзгіні терезеге орнатып, ауа ағынын жасадым. Нәтижесінде бөлмеге таза ауа кірді»

— Амир Құрмаш, №26 гимназия оқушысы

Мамандардың айтуынша, осындай шаралар жасөспірімдердің экологиялық ой-танымын кеңейтіп, оларды қоғам үшін маңызды бастамаларға тартуға мүмкіндік береді.Бұл өз кезегінде өңірде экологиялық мәдениеттің қалыптасуына оң әсер етпек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты