ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаевтың төрағалығымен экономикалық және инфрақұрылымдық қауіпсіздік мәселелері қаралды. Жиында көлеңкелі экономиканың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды. Соның ішінде құрылысқа қажетті материалдар нарығындағы жағдайға назар аударылды. Нарықтағы шоғырлану, жекелеген қатысушылар арасындағы байланыс, бағаның қалыптасуы және кәсіпкерлер үшін тең жағдай жасау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар өңірдегі электр желілері инфрақұрылымының жай-күйі қаралды. Нысандарды қалпына келтіруге қажетті жұмыстардың көлемін анықтап, қаржыландыру қажеттілігін есептеу ұсынылды. Басты міндет – электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
«Жиында қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Құрылысқа қажетті материалдар нарығындағы бәсекелестік ортаға қосымша талдау жүргізіліп, анықталған фактілерге заңнама аясында баға берілмек. Ал электр желілері бойынша қажетті қалпына келтіру жұмыстарының көлемі мен қаржыландыру қажеттілігі анықталады. Негізгі мақсат – анықталған тәуекелдерді дер кезінде жою және облыс тұрғындарының мүддесін қорғау»
— Мәди Жанғазинов, Ұлытау облысы бойынша ЭТТД-нің Талдау әзірлемелері және превенция басқармасының басшысы
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


