«ЕЛ БҮГІНШІЛ, МЕНІКІ ЕРТЕҢ ҮШІН! »

«Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін!» Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай орай облыс орталығында танымдық кездесу өтті. Әдеби-сазды шарада ана тілін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, әдебиет пен өнерді ұрпақ тәрбиесімен сабақтастыру мәселелері сөз болды.
Тіл – кез келген ұлттың ең басты құндылығы, оның тарихы мен рухани болмысын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін күш. Сондықтан, ана тілін сақтау мен дамыту – әр халықтың болашағына деген жауапкершілігі.
Қалалық орталықтандырылған кітапхана ғимаратында өткен іс-шараны Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастырды.
«Бүгінгі поэзиялық кешіміздің басты мақсаты – ана тілімізді құрметтеу, қазақ тіліміздің мәртебесін арттыру»
— Ақгүл Ошағанова, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының» директоры
Кеш барысында «Ұлар» әдеби клубының ақындары тақырып аясында жалынды жырларын оқып, Ана тілдің қадірі мен ұлттық құндылықтарды өлеңмен өрнектеді. Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздерінен мысалдар келтірді.
«Тіліміздің мәртебесін асқақтатуда, тіліміздің болашаының жарқын болуына, орайластырып, ұйымдастырылып жатыр. Жалпы, бұл тілді осындай мерекелік күндерде ғана емес, жалпы осы тілдің шапағатын сезініп, оны дамытуға әр қазақ баласы борыштар деп ойлаймын. Өйткені, тіл дегеніміз, тіл арқылы біздің дәстүріміз жалпы қазақы болмысымыз тілмен тығыз байланысты»
— Жанат Әбдіғожин, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Кеш барысында жергілікті қаламгер Берік Рахымберлиннің «Ұлағат. Тәлім. Тағылым» кітабының тұсауы кесілді. «Кәусар» баспасынан жарық көрген жинақ та ұлттық құндылықтарды шамшырақ етеді. Кездесу ана тіліне деген құрметті арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


