Жаңалықтар

«ЕЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

«ЕЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

«Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай дәстүрлі «Ел жанашырлары» облыстық спартакиадасы басталды. Биылғы додаға өңірдің қала-аудандарынан және мемлекеттік органдардан құралған 7 команда қатысуда.

Ауқымды спорттық шараға облыс әкімдігі аппараты мен облыстық басқармалар, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының командалары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың құрама ұжымы қатысуда.Спартакиаданың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев мемлекеттік қызметкерлерді алдағы кәсіби мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«0758 / Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: Ұлт саулығы мемлекеттің басты байлығы, сондықтан бұқаралық спортқа баса назар аудару керек деп атап өткен болатын. Осы ретте елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға және де халықтың денсаулығын нығайтуға үнемі ерекше назар аудару керек. Жарыстың ел жанашарлыры деп аталуының да өзіндік киелі мәні бар. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ел игілігіне аянбай енбек ету нағыз жанашырлықтың белгісі, отансүйгіштіктің айғағы. Бүгінгі спорт алаңында да осы құндылықтар көрініс тауып, әр қатысушы өз ептілігі мен шеберлігін жоғары деңгейде танытады деп ойлаймын»

— Бақытжан Жайлаубаев, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

Екі күнге созылатын жарыс бағдарламасында қатысушылар спорттың тоғыз түрі бойынша бақ сынайды. Атап айтқанда, футзал, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, жүзу, қазақ күресі және киберспорттан үздіктер анықталмақ.

Қатысушы командалар жарысқа тыңғылықты дайындықпен келгенін айтады. Сондықтан әр сайыс тартысты әрі бәсекеге толы өтпек.

«0835 / Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінен жеке құрамы волейбол жарыс түрінен спортқа қатысайын деп отыр. Бұл негізгі мақсаты салауатты өмір салтын сақтап, мемлекеттік қызметшілер арасында өзара ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Барша осы жарысқа қатысушы әріптестеріме, құрама командаларға сәттілік тілеймін. Осындай жарысты, спартакиаданы ұйымдастырушы Ұлытау облысы әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да осындай спорттық ойындарға белсене қатысамыз деген сенімдемінДайындықтарымыз енді осы спартакиада болады деген күннен бастап әр кез дайындалудамыз. Дайындық енді тек ғана жеңіс деп есептейміз»

— Ернұр Әмірбек, ҚР Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің бас маманы

Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша үздік спортшылардан облыстың құрама командасы жасақталады. Олар алдағы уақытта Бурабайда өтетін республикалық спартакиадада Ұлытау облысының намысын қорғайды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты