ЕЛДЕГІ ЕҢ ЕГДЕ АДАМ – ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ТҰРАДЫ

Елдегі ең қарт тұрғын – Ұлытау облысында тұрады! Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар кентінде ғұмыр кешіп жатқан кейуана Түймегүл Темірбаева биыл 116-шы көктемін қарсы алды...
Ғасырдан асқан қария - көп жасаудың сырын адал еңбек және таза ниетпен байланыстырады. Өмір бойы ауылдың тынымсыз тірлігінің ортасында жүрген ол қазір де бос отырмайды. Құрт жайып, үй шаруасына қолғабыс етеді.
Иә, Әркімнің пешенесіне жазыла бермейтін әдемі қартаю бақыты осы кісіге бұйырған.
«(100-ден асып бара жатырмын. Келе жатырмын өлмей. Балаларым аман болсын. Балалардың алдында кетсем деп жүрмін. )»
— Түймегүл Темірбаева, Қазақстандағы ЕҢ ҚАРТ адам
Түймегүл әже - жұбайы Аязбай Темірбаев екеуі өмір бойы Жаңаарқаның жазығында жылқы баққан. Аязбай ақсақал 95 жасында дүниеден өткен. Ал, жақында 116 ға толған Түймегүл әженің балалары: «Осы күнге шейін Анамыздың «Ауырдым» деген сөзін естімедік» дейді. Ес білгеннен еңбектің майданында шыңдалған жан қазір де қартайдым деп қарап отырған жоқ.
«(Анда-санда далаға шығып келеді. көбінесе үйде жүреді. Биыл солай болды. оған дейін барлық шаруаға жарап тұрған. Сырттың шаруасына, іштің шаруасына бәріне. Жасы келді ғой қанша дегенмен. +Өзі отырады телевизорын көріп. Бізге тамақ істеп қояды.)»
— Раушан Темірбаева, Т.темірбаеваның келіні
Түймегүл Темірбаеваның елдегі ең қарт тұрғын екенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми растаған. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында қазына қария баршаңызға батасын берді!.
-(Дендерің сау болсын, бастарың аман болсын. Отанда тиыштық болсын. Халқым аман болсын.)
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


