Жаңалықтар

ЕЛДІҢ КӨЛІК ЛОГИСТИКА ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

ЕЛДІҢ КӨЛІК ЛОГИСТИКА ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Ұлттық құрылтай ел дамуының жаңа бағытын айқындады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет екенін айтты.

Қазіргі таңда ауқымды инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілуде. Республика бойынша автомобиль және теміржол желілері салынуда және қайта жаңғыртылуда. Сонымен қатар вокзалдар мен көлік тораптары кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Мемлекет басшысы Қарағанды – Жезқазған бағытындағы жол талай жылдан бері тозып тұрғанын да атап өтті. Биыл ескі жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салынады. Кейін ескі жолды да жаңғыртып, төрт жолақ ету жоспарлануда.

Сондай-ақ Ел Президенті Қазақстандағы ең негізгі жолдың бірі «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» – бағытта төрт жолақты жаңа күре жолдың құрылысы басталатынын мәлімдеді. «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысы да қолға алынады.

Барлық жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуы тікелей Президенттің жеке бақылауында болады. Себебі, бұл жобалар Қазақстанның халықаралық көлік-логистика орталығы ретіндегі әлеуетін нығайта түседі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты