ЕЛІМІЗДЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨБЕЙДІ

1 қаңтардан бастап жәрдемақы көбейді. Бұл – айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты. Биыл айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңге болып бекітілді. Соған сәйкес жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер 10 пайызға артты. Бұрын бірінші, екінші және үшінші балаға 149 416 теңге төленсе, қазір бұл сома 164 350 теңгеге жетті. Ал төртінші және одан кейінгі балаларға берілетін жәрдемақы 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін өсті. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы да артты. Төлем бала санынан қарай белгіленеді. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың барлық топтары бойынша өсім бар. Зейнетақы мөлшері де 10 пайызға ұлғайтылды. Айта кету керек, Ұлытау облысында 28 900 зейнеткер бар. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатындар – 8 318 адам. Асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақыны 2 526 адам алады. Ал алтын және күміс алқалы көпбалалы аналар саны – 2 711.
1АЕК -3932 – 4325 тг Бала туғанда берілетін 1 реттік жәрдемақы: 1,2,3 бала- 149 416 тг - 164 350 тг 4 және одан көп-247 716- 272 475 тг Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I топ- 101 702 тг- 111 873 тг II топ- 81 362 тг – 89498 тг III топ- 55 474 тг- 61 022 тг
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


