Жаңалықтар

«ЕЛІНІҢ ЕЛЕУЛІ АЗАМАТЫ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ»

«ЕЛІНІҢ ЕЛЕУЛІ АЗАМАТЫ   ҰРПАҚҚА ҮЛГІ»

Бүгін Ұлытау облыстық музейінде ауылшаруашылығы саласының майталманы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Ахат Райымбековтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті. «Елінің елеулі азаматы - ұрпаққа үлгі» атты тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен ұрпақтары қатысты.

Кеш барысында Ахат Райымбековтың ел дамуына сіңірген еңбегі, азаматтық болмысы мен өнегелі ғұмыры кеңінен насихатталды. Қайраткердің тағдырлы өмір жолы мен ел шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі туралы бейнебаян көрсетіліп, замандастары мен үзеңгілес серіктерінің естеліктері айтылды.Сондай-ақ оның ауыл шаруашылығын дамытудағы еңбегі, басшылық қызметтегі іскерлігі, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі ерекше атап өтілді.

Ахат Райымбеков 12 бала тәрбиелеп өсірген ардақты әке. Бүгінде 26 немере, 52 шөбересі бар. Қайраткердің ұрпақтары еліміздің әр өңірінде түрлі салада абыройлы еңбек етіп, әке жолын жалғап келеді.

«8496 / / Сонау Атырау қаласынан келіп отырм,осы әкеміздің 100 жылға толуына байланысты іс-шараға.Бүгін міні облыстық музей тарапынан үлкен жақсы ұйымдастырылған дөңгелек үстел ұйымдастырылып отыр.Соған біріншіден алғысымды айтам осы музейдің басшылығына,ұжымына.Енді әкеміз туралы айтатын болсақ,енді әкеміз мыңнан бір туатын тұлға.Ол кісі туралы ел аузында естиміз Ахаң солай деп айтып еді,Ахаң бізге сендердің әкелерімізге сондай қамқорлық жасап еді деген сияқты сөзді ел аузынан естіп жүреміз.5 жасынан бастап жетім қалған ол кісі.Енді 13 жастан бастап еңбекке қатты араласып,мынау өрнек савхоз фермасы болатын Жезді мен Қарсақбайдың ортасында,соны суапаталатын кезде көзге түсіп содан бастап ел басқару қызметі басталған екен»

— Қайрат Райымбеков, А.Райымбековтың ұлы

Ғибратты кеш Ахат Райымбекұлының рухына тағзым жасаумен қорытындыланды.Ұйымдастырушылар мұндай тағылымды шаралар тарихи тұлғалардың есімін ұлықтап, олардың өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа насихаттауда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты