Жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ

Кейінгі күндері өңірде ауа температурасы күрт төмендеп, қыс қаһарына мінді. Алайда, сақырлаған сары аязда да коммуналдық сала қызметкерлерінің жұмысына тыным жоқ. Аталған ретте - «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығының» Ұлытау облыстық филиалы өз еңбеккерлеріне ерекше акция ұйымдастырды.

Жезқазғандық жол тазалаушылардың бүгінгі жұмыс күні өзгеше басталды. Күнделікті дағдымен күрек-сыпырғыларын қолға алған жұмысшы мамандарға - ыстық шәймен, тәтті бәліштер таратылып, жанды жылытатын жылы сөздермен алғыс айтылды.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – қарапайым еңбек адамдарында деген құрметті арттырып, олардың тынымсыз тірлігіне қоғам назарын аудару. Бұл күні кәсіпорын тарапынан -30 ға жуық коммуналдық қызметкшіге таңғы шәй ұсынылды.

Президенттің «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс!» - идеясы ұстаным еткен акцияны «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығының» Ұлытау облыстық филиалы дәстүрге айналдырмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты