Жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

2026 жылдың алғашқы тоқсанында өңірдегі өндіріс орындарында 17 жазатайым оқиға тіркелген. Әрбір дерек бойынша Еңбек кодексіне сәйкес арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, жұмыс берушілерге нұсқамалар берілген. Ал материалдар құқық қорғау органдарына жолданған. Мамандар өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері ретінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауын, кәсіби тәуекелдерді бағалау жұмыстарының жеткіліксіздігін және қызметкерлерді оқыту мен жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету деңгейінің төмендігін атап отыр. Қазір өңірдегі қауіптілігі жоғары кәсіпорындарда бақылау күшейтіліп, жұмыс берушілермен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты