ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МЕРЕЙІ

«Еңбек адамы – ел мерейі!» Бұл қай заманда болмасын бұлжымас қағида. Мамандыққа деген адалдықтың ұзақ жылдар бойы ерен үлгісін көрсетіп жүрген Қаражалдық Бергентай Ысқақовтың ғибратты ғұмыр жолы – осы сөзіміздің айқын дәлелі...
Бергентай Ысқақов - Қаражалдағы «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігенде жұмыс істейді. Өндіріске аса қажетті энергетика саласының майталманы бүгінгі жастарды – таңдаған мамандығының жолында талмай тер төгуге шақырады...
Қалақұраушы кәсіпорынның дамуына сүбелі үлес қосқан азамат – Қаражалдың қоғамдық өміріне де белсене араласады. Шаһардағы электртоғына қатыста түйткілді мәселе Бергентай Ысқақовтың терең тәжірибесімен оң шешімін тауып келеді.
Биыл «Еңбек жолы» конкурсында бақ сынаған біздің кейіпкер – «Кенші даңқы», «Еңбек ардагері» сынды медальдардың иегері.
Еңбектің арқасында ер атанған азаматтың қазыналы өңірдің қарыштап дамуына қосқан үлесі мол!
Мұқағали Сейтқазы, Алихан Мұхтар, «Ұлытау» телеарнасы
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


