Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Аталған ретте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Биыл мемлекеттік органдардың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сыртқы талдау жасалып, сәйкесінше анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленген. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласына мониторинг жүргізіліп, заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бұдан бөлек, мемлекеттік аппаратты қағазбастылықтан арылту, комплаенс қызметтерінің жұмысын жетілдіру және мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелеріне де басымдық берілуде.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты