ЕҢБЕК АДАМЫ

Адал еңбек - адамды абыройға, маңдай тер - құрметке жеткізеді. Осындай өмірлік ұстанымды серік еткен Дүйсембек Сарбасов еңбек жолын небәрі 16 жасында бастап, қырық жылдан астам уақытын ел игілігі жолындағы еңбекке арнады. Қай салада жүрсе де жауапкершілікті бәрінен биік қойып, кәсібіне адал болды. Еңбекқорлығының арқасында әріптестерінің құрметіне, ел-жұртының ықыласына бөленді. Бүгінде ол - өнегелі әке, ардақты ата, төрт шөберенің сүйікті бабасы. Ғұмырын еңбекпен өрген ардагердің өмір жолы - кейінгі ұрпаққа үлгі.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


