Жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ

Металлургтер күні қарсаңында Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, кен-металлургия саласының ардагері Жетпісбай Шыңқожаевтың шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Өңір басшысы өндіріс ардагеріне құрмет көрсетіп, өңірдің өркендеуіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс айтты. Жетпісбай Шыңқожаев еңбек жолын Жезқазған мыс қорыту зауытында бастап, қырық жылдан астам уақыт металлургия саласында табысты еңбек етті. Жүк тасушыдан ауысым шеберіне дейінгі еңбек жолынан өткен ардагер бүгінде Жезқазған қаласының Құрметті азаматы ретінде ел құрметіне бөленіп отыр.

«1160 00:01:00:22 Еліміздің экономикасын,осы өңірдің экономикасын дамытып және де артыңыздан шәкірт тәрбиеледіңіз талай. Осы күні осы өңірдің ақсақалы, батагөйі ақылшысы, кеңесшісі болып отырсыз. Сондықтан сізге ерекше құрметпен бүгін шаңырағыңызға келіп құттықтап отырмыз. Құтты болсын!»

— Есет Байкен, Ұлытау облысының әкімі

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты